Балалар бұл шараға белсенді қатысып, өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетті. Түрлі-түсті қағаздар, табиғи материалдар пайдалана отырып, алуан түрлі гүлдер жасады. Әр баланың қолынан шыққан гүл – өзіндік ерекше ой мен талғамның жемісі болды.
Іс-шара барысында балалар бір-бірімен пікір алмасып, бірлесе жұмыс істеп, ұжымдасып еңбек етудің маңызын түсінді. Олардың жүздерінен қуаныш пен шабыттың нұры байқалды.
Бұл шығармашылық күн олар үшін қызықты әрі пайдалы сәттерге толы болды. Осындай іс - шаралар балалардың эстетикалық талғамын, қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосады.
Өткізген: Увалиева М. К.
Мукушева А. Р.