Мектебіміздің 11-сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында кәсіби бағдар беруші маманмен кездесу ұйымдастырылды.
06.11.2026
Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескеру, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңестер берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ кәсіби жолдарын айқындауға қажетті ақпарат алды.
Просмотров: 6