Текст
,,Балдырған” сауықтыру лагерінде топтар арасында ,,Мен елімді сүйемін” тақырыбында патриоттық әндер сайысы өтті. Әр топ өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін әнмен жеткізді. Сайыстың аты сайыс болғандықтан жеңімпаздар анықталды
1-орынды “Құлыншақ” тобы мен “Достық” тобы бөлісті.
2 орынды “Болашақ” тобы мен “Күншуақ” тобы иеленді.
3-орынды “Жұлдыз” тобы мен “Бірлік” тобы қанжығасына байлады. Бүлдіршіндерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, өз Отанының нағыз патриоттары болып өсулеріне тілектеспіз.
Жауапты: Капарова Айнагүл Нуртаевна