Текст
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттерден аулақ болуы – жарқын болашақтың кепілі. Осы мақсатта 9-сынып оқушыларына нашақорлықтың зияны мен оның адам өміріне тигізетін кері әсері туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнебаян арқылы оқушыларға есірткіге тәуелділіктің қауіптілігі түсіндіріліп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы насихатталды.
🌿 Салауатты өмір салтын таңдайық!
Болашағымызды бірге қорғайық!
Нашақорлыққа жол жоқ! 🚫