07.10.2026
Ақмола облысында Ұстаздар күніне орай өткен салтанатты жиында мектебіміздің директоры Сарсембаева Баян Вахитовна «Құрмет» орденімен марапатталды! Бұл жоғары мемлекеттік награда — Баян Вахитовнаның білім беру саласындағы көп жылғы қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесінің лайықты бағасы. Құрметті Баян Вахитовна! Мектеп ұжымы атынан Сізді мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы адал еңбегіңіз, ұжымды ортақ мақсатқа ұйыстырып, әр бастамаға қолдау білдіруіңіз — баршамызға үлгі. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жауапты қызметіңізге толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, абыройыңыз арта берсін!
Ізгі ниетпен: Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицей ұжымы.