Жақсы көңіл-күй - жан азығы

              02.04.2019ж.  С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінінің педагогикалық кеңесінде мектеп психологтары ұжым педагогтарымен «Жақсы көңіл-күй - жан азығы» атты тақырыпта тренинг өткізді.

          Өткізілген тренинг мақсаты: педагогтардың көңіл-күйін көтеру, психикалық денсаулықтарын сақтау, қарым-қатынастарын жақсарту, жұмыс істеу қабілеттерін көтеру, қобалжуларын бәсеңдету болды.

          Тренинг барысында ұжым педагогтары өздерінің белсенділіктерін танытты.Өткізілген іс-шара бөлімдерінде педагогтардан шағын диагностика алынып, нәтижелерімен танысты. Педагогтардың белсенділігін  арттыру  мақсатында қимыл-қозғалысты жаттығулар жүргізілді.Тренинг аяғында педагогтарға арналған психологтардың ұйымдастыруымен суретті      кеңестер - слайд арқылы берілді. Педагогтардың  фотосуреттерінен жасалған слайд- кеңес   өз ерекшелігімен педагогтардың көңілдерінен шықты.

           Педагогтар   өздерінің көңіл-күйлерін көтеріп, психикалық саулықтарын сақтауға, жұмыс істеу қабілеттіліктерін арттыру мен қиялдарын дамытуға, шаршап-шалдыққандарын бәсеңсітуге  мүмкіндік алды.

 

 

Педагог-психологтар: Шегирова Ж.Б., Самбаева Д.А.