Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар:
1.Баяндама: «Оқушы жетістігі – ата-ана мен мектептің ортақ жемісі»
2. Білім алушыларға «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10-11 сыныптарда емтихан өткізу тәртібі туралы.
3. 2024-2025 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстыру
4. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары
5.«Жаз-2025» оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
4. Жазғы демалыстағы оқушылардың қауіпсіздік жағдайы туралы.
Әр тақырып бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті баяндамалар жасалды. Жиын барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Әсіресе, емтихан өткізу тәртібі, жазғы демалысты ұйымдастыру және оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар кеңінен талқыланып, нақты түсіндірмелер берілді.