«Адалдық дүкені» ашылды

         Ағымдағы жылдың 15  мамыр күні  Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде  «Адалдық дүкені» ашылды. Сатушысыз дүкенде оқушылар  мен мұғалімдер тауарды адалдық принципі бойынша сатып алады.  Мақсаты : Өскелең ұрпақты  адалдыққа, шыншылдыққа, өзара сенімділікке  тәрбиелеу.  «Адалдық дүкенінің» ашылуына  мектеп директоры  Б.В. Сарсембаева , «Адал ұрпақ»  клубының жетекшісі  Исмаилова Ж.С. және 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты.