АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 31 қаңтарында елімізде баламасы жоқ «Жас ұрпақ» балалар қоғамдық бірлестігі қатарына Көкшетау қаласы мектептерінің 50 оқушысы қабылданды.

05.02.2025

Көкшетаулық 50 оқушы «Жас ұрпақ» балалар қоғамдық бірлестігі қатарына қабылданды
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларда адалдық пен патриотизмді ең маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде қалыптастыру, кәсіби маңызды қасиеттер мен дағдыларды дамыту, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларында белсенділік танытуға дайындығын арттыру. Сонымен қатар, жоғары жауапкершілік, тәртіптілік және шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Жиынға Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы, Ақмола облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова, Көкшетау қаласы білім бөлімінің өкілдері, мұғалімдер, оқушылар қатысты.

Шара барысында Кокшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің, № 2 мектеп-лицейінің, № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің, №13 «Экос» мектеп-гимназиясының, Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары «Жас Ұрпақ» балалар қоғамдық бірлестігі қатарына қабылданды.

«Жас ұрпақ» қозғалысының негізгі мақсаты мектеп ортасында құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларды әлеуметтік бастамаларға, қосымша білім алуға тарту.

Жас ұрпақ» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысының прокуратурасының бастамасымен және Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп құрылды.

Просмотров: 241

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст