Текст
Іс-шараның мақсаты – балалардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерін танып, сұрақ-жауап ойындарына қатысты, көріністер қойып, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Кездесу балаларға жағымды әсер сыйлап, ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берді. Іс-шараның ұйымдастырушылары "Гүлдер" тобының тәрбиешілері: Адильбекова Г.Ж., Тлегенова А.Ж.