АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

20.09.2024

Ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап көрсету, мектеп ата-ана ынтымақтастығын нығайту мақсатында 19 қыркүйек күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі қарастырылған сұрақтар
1.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ»
Тарих пәні мұғалімі Борамбай Мадияр Ғаниұлы
2. «Деструктивті діни ағымдардың жастарға кері әсері»
Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог-маманы Айтқожа Еркелді Ерболұлы.

3. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу.
Кәмлетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Досымов Сайран Даулетбекұлы.

4. «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікті алдын алу және жыныстық жолмен берілетін инфекция»
11 жастан бастап жасөспірімдерді папиломаға қарсы вирустан вакцинациялау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары.
/Қалалық емханасының акушер-гинекологы Изахметова Самал Амангельдиновна/

5. 2024-2025 оқу жылындағы оқу- тәрбие үрдісімен таныстыру.
Мектеп директоры Сарсембаева Баян Вахитовна.

6. «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, әрбір ата-ана нені білуі тиіс?»
Мектеп психологы Шегирова Жадыра Батырбековна.

7. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағдилары.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Каскарова Г.Т.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жауапты мамандар жұмыстар жүргізіп, ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналармен кері байланыс жүргізілді. Ата-аналар көтерілген мәселенің өзектілігін атап өтіп, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.

Просмотров: 191

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст