“Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты сап түзеу.
Бүгінгі күні мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасайтын бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн! 11-сынып оқушылары үшін «Мектеп түлектері» атағына қадам бастауға жол салатын күн– алғашқы қоңырау салтанаты!
2024-2025 оқу жылының басталуына орай мектебімізде 1 және 11- сынып оқушыларына арналған "Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты жиынға Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы А.Б. Жанаәділ, қалалық білім бөлімінің әдіскері Л.Ж. Мукатаева қатысты. Биылғы жылы мектебімізге 125 бүлдіршін қабылданып, біліммен қатар тәрбие алмақшы. Баршаңызды білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы күндеріңізге сәттілік пен төзімділік тілейміз!
#bilim_quni