АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына білім алушылардың салтанатты қабылдану рәсімі

02.05.2017

      

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде №13 мектеп гимназиясында Қазақстан Республикасы халқының  бірлігі күнінің қарсаңында Біріңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымына білім алушылардың салтанатты қабылдану  рәсімі  өтті.

      

  Мемлекеттiң бүгiнi мен ертеңiне жауап беретiн азамат   eкенін таныту, қоғамдық, көпшiлiк жұмыстарға  тарту арқылы  бала ойындағы мүмкiндiктердi ашу, отанын қорғауға  дайындық, саналы бiлiм алуын қалыптастыру, жолдастарын, достарын қадiрлеуге үйрету, ұлттық рухты бойына сiңiрген, елжанды, отансүйгіш азаматтың «мен» тұлғасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға, мектебіміздің белсенді оқушылары, оқу озаттары, пәндік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары қабылданды. Жиын барысында  оқушыларға мойындарына көгілдір галстук пен төсбелгілері тағылып, «Жас Ұлан» ұйымының анты мен ұраны айтылып, гимні  шырқалды.

«Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушылардан болашақта елін, жерін сүйетін, Отанын қорғайтын азамат пен азаматшалар шығады деген ойдамыз. Мұндай игі шара  әліде  жалғасын  табады  деген  ойдамыз.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст