АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналысы

27.11.2017

22-қараша күні 5 в сыныбында «Баланың бас ұстазы ата-ана» атты  ата-аналар жиналысында жаңартылған білім беру аясында математика пәніне байланысты үзінді сабақ көрсетілді. 

 

2017 жылдың қараша айының 22 күні С.Жүнісов атындағы № 18 ОМЛ  5 в сыныбында сынып жетекшісі Ы.Х. Болатованың ұйымдастыруымен «Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналысы  өтті. Сынып жетекшісі жиналыс өткізуде төмендегідей  мақсаттар қойды:

1. Ата-ананы 20 ғасырдағы білім беру мен 21 ғасырдағы білім берудегі айырмашылықтарды ажыратуға жетелеу.

2. Ата-аналарды балалар жаңартылған білім беру мазмұны аясында туындаған қиыншылықтарды бірлесіп жеңуге шақыру.

3. Ата-ана тарапынан баланың бүгінгі істеген әр қадамы  ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына апаратын жол екенін түсіндіру.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақ барысында оқушылар қандай қиыншылықтарға тап болатынын, 20 ғасыр мен 21 ғасырдағы сабақ ерекшеліктерін ата-аналарға көрсету мақсатында сынып жетекшісі Ы.Х.Болатова  ата-аналарды қатыстыра отырып, математика пәнінен сабақ үзіндісін көрсетті. Ата-аналарға жаңа сабақ тақырыбы түсіндіріліп, сол тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау үрдісі жүргізілді. Ата-аналар өзара бірін-бірі бағалай отыра, әр ата-ана өз бағасын анықтады.

Сынып жетекшісі Ы.Х.Болатова сынып оқушыларын қатыстыра отырып, мектепішілік «Алтын күз» мерекесінен үзінді көрсетіп, ата-аналар назарына балаларының өнерін көрсетті. 

Ата-аналар жиналысынан мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымынан ұстаздар және сынып оқушылары қатысты.

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст