Текст
25 мамыр күні республика бойынша өткізілген “Соңғы қоңырау” салтанатты шарада орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “Үздік педагог-2016”, педагог-шебер Кенжебаева Айгуль Кадыркызы “Ы. Алтынсарин” төс белгісімен марапатталды. Мектеп ұжымы мемлекетке, ҚР оқу-ағарту министрлігіне, облыстық білім басқармасына ұстаздардың еңбегін жоғары және лайықты бағалағаны үшін алғысымыз шексіз.