15.12.2023
Бүгін мектебімізде Желтоқсан оқиғасының 37 жылдығы қарсаңында «Арайлы таң, нұрлы болашақ» атты кездесу өтті.
Кездесу кешінің қонақтары-желтоқсан көтерілісінің қаһармандары:Асаров Мұрат Мұзарапұлы, Сүгірәлі Дәуіт Тоғайұлы.
Іс- шараның мақсаты:
1.Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл Орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстардың көшбастаушысы ретінде тарихта қалған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себеп –салдары оның құрбандары туралы тақырыптың тарихи маңызын, мәнін ашу;
2.Оқушыларды Желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.
@bilim_bolimi_kokshetau #birtutas_tarbie #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert