31.10.2023
2023 жылы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер” тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы басталды.
Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар, оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Байқау 2 кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін өткізіледі.
Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылау-техникалық қолдау көрсетіледі.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 30 қазанына дейін konkurs1424@mail.ru электронды пошта арқылы жүзеге асырылады.
Байқауға қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 телефондары арқылы алуға болады.