Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
Ақмола облысы білім Басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицей» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы құрылатыны туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлер а.ж. 14 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында тиісті келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) Өтінім (еркін түрде);
2) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Түйіндеме;
4) Білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзшылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.