Көкшетау қаласының С.Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейімен Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы А.Қамалиден 21 қараша күні «Lazarus бағдарламасында жобаларды жасауда форма мен компоненттерді пайдалану» тақырыбында информатика пәнінің оқытушысы Гүлдерай Карибаевнамен онлайн сабақ өткізді. Гүлдарай Карбаевна 7 а сыныбының мектеп оқышылары мен Айгерім Сағындыққызы И-31 тобын бірлестіре отырып жаңартылған білім мазмұнында онлайн сабақты тиімді өткізе білді. Сабақ барысында тақырыпқа сай термин сөздерді үш тілде қолданып, «Смарт Бейдж» топқа бөлу әдісін, «Достық сағаты» тренингін, білу деңгейінде «Сәйкестендіру тесті», Джигсо 2 әдісі арқылы постер қорғатты. Қолдану деңгейінде «Бумеранг әдісі» бойынша әр топ мүшелері карточкада берілген Lazarus бағдарламасының
интерфейсінің суретіне қарап, тақырып бойынша қарсылас топқа сұрақтар қойды. Мектеп оқушылары да осы әдісті тиімді қатысып, өз сұрақтарын қойып отырды. Әрбір әдістер бойынша топтарға смайликтер берілді. Талдау деңгейіне «Сынып бөлмесінің ауданың есептеу» жобасы атты тапсырма компьютерлік тәжірибе ретінде берілді. Студенттер Lazarus бағдарламасында жобаны құрып, кодтарын жаза білді. Сабақ сонында кері байланыс ретінде «Бағдаршам әдісі» қолданылды. Бағалау топтардың смайликтерді жинауына байланысты болды. Оқушыларды бағалауда «13-17 смайлик» - өте жақсы, «9-13 смайлик» - жақсы, «5-9 смайлик» - әлі де жұмыс жасау керек деген критерийлері бойынша топтар бағаланды. С.Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің оқытушысы Гүлдерай Карибаевна мен 7 а сынып оқушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.