АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның халық жазушысы, прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері әрі жерлесіміз Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтың 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

01.03.2019

          28-ақпан күні Қазақстанның халық жазушысы, прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері әрі жерлесіміз Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Ел Сәкен жайында, Сәкен ел жайында» айлық өз мәресіне жетті. Мектебімізде айлық аясында өткен тағылымы мол әдеби кештер, тәлім-тәрбиелік мәні зор өнеге сағаттары,кештер,сайыстар тартымды өтті.

           Атап айтсақ, «Сұлу сөздің сүлейі-Сәкен сері» әдеби кеш,«Алтын қақпа», шахмат, «Әке мен бала» спорттық сайыс, «Халықтың ардақты ұлы-Сәкен сері» атты кітап және сурет көрмелері ұйымдастырылды.

          Кеш барысында Сәкен Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» фильмінен буктрейлер, «Хан және Президент» шығармасын жазар кезде Елбасымен кездескені туралы бейнебаян, «Кімнің мекені жақсы» және «Сақау бәтеңке» шығармалары бойынша сахналық қойылымдар, арнау өлеңдерін мәнерлеп оқып, білгендерін ортаға салып, тыңдармандар көңіліне шықты.

    Таланты мен білімі үйлескен, сегіз қырлы, бір сырлы, мінезі мен іс-әрекеті ерекше жаратылған дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығын танып білу, ұрпаққа насихаттау-біздерге, ұстаздарға, оқушыларға үлкен міндет.

  Қорытынды кешке жауапты тұлғалар:Ж.Ж.Нұрмұқанова, З.Ж.Сағындықова.

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст