Кеше,14 ақпан күні, Сәкен Жүнісов атындағы №18 ОМЛ 5"Е" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Бришева Маржан Амангельдиновнаның ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерлеріне арналған ашық сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына ауған соғысы ардагерлері шақырылып, оқушылармен тәрбиелі де, тағылымды сұхбат болды. Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдері мен мәліметтерін мәнерлеп оқып, ән-жырларын арнады.Іс-шара соңында меймандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, естелікке сыйлықтар тапсырды. Іс-шараға мектеп директоры Б.В. Сарсембаева мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жабай Қойшыбаевич қатысты. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіп, қонақтарға алғыс айтылды. Оқушылар ардагерлермен естелікке суретке түсіп, қонақтармен қимай қоштасты.
Автор: Бришева М.А.