АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауған ақиқаты» атты ашық сынып сағаты

13.02.2019

               Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. Осы күнге орай  мектебімізде 11 ақпан күні Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тақырыптық сынып сағаттары,  6 «В» сыныбында  «Ауған ақиқаты» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты солақай саясаттың құрбаны болған жастар жайлы мағлұмат беру.  Жат жердегі соғыстың  тарихи маңызын анықтау. Отан алдындағы парыз , туған жер үшін өз-өзін құрбан ету сияқты қасиетті борыштың не екенін кейінгі толқынға үлгі ету.  Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

             Қатысқан құрметті  қонағымыз: Ауған соғысының ардагері Кенжебеков Ауесхан Оралович. Іс-шара  барысында оқушылар мен ардагер  арасында  ашық әңгіме өрбіп, оқушыларға естеліктерін айтып, Ауған соғысының астары жайлы әңгімелеп берді. Оқушыларда өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алды. Ауесхан Оралович өскелең жас ұрпаққа бейбіт күннің қадірін білуге, өз Отанын сүюге шақырды.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст