2026 жылғы 4 қараша күні мектебімізде №2 педагогикалық кеңес өтті.

06.11.2026

Педагогикалық кеңестің негізгі тақырыбы: «Білім беру үдерісінде ChatGPT Edu және жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану: мүмкіндіктері, қауіпсіздігі және педагогикалық нәтижесі».
Кеңес барысында:
№1 педагогикалық кеңестің қаулыларының орындалуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары;
Білім беру үдерісінде ChatGPT Edu және жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану;
І тоқсан қорытындысы, оқушылардың үлгерімі мен қозғалысы қарастырылды.
Сонымен қатар мұғалімдерге арналған «ChatGPT Edu көмегімен сабаққа арналған интерактивті тапсырмалар мен сараланған оқу материалдарын әзірлеу» тақырыбында практикалық жұмыс ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңестің мақсаты – білім беру сапасын арттыру, заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне тиімді енгізу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Просмотров: 12

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу