Текст
16.10.2026
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі ұйымдастырған, 2026 жылғы 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының қалалық сырттай кезеңінде ІІ орын иеленген Сагимбаева Жанна Ардаковнаны шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік — кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің, ұстаздық еңбекке деген адалдықтың жемісі. Құрметті Жанна Ардаковна! Шәкірттеріңізге білім мен тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!