Текст
02.10.2026
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде ардагерлер мен қарттарға арналған мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Мерекелік кештің басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Әрдайым ортамызда аман-есен жүре беріңіздер!