Текст
Іс-шараға басқа мектептерден арнайы келген ұстаздар қатысып, әріптестік байланыс нығайып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Кездесу барысында ұстаз еңбегінің маңызы, еңбекке деген құрмет пен кәсіби бірліктің құндылығы сөз болды.
Шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жақсы әсер қалдырды. Осындай басқосулар әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.Барша ұстаздарға еңбектеріне толағай табыс, шығармашылық жетістік және мықты денсаулық тілейміз! 🌸