АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

ЖҮЙЕЛІ ОҚУ — ТҰРАҚТЫ ӘДЕТ КЕПІЛІ: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

08.10.2026

Қазіргі уақытта қатысушылар өздерінің бірінші кітабын оқып шыққан немесе оқып жатқан оқу кезеңі өтуде! Марафон барысында барлығы 15 кітапты оқып шығу қажет.
Әр кезеңнің басында жоба сайтындағы жеке кабинетке кіріп, алдағы күндерге арналған кітапты өзіңіз таңдап, оқу процесін бекітуге мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, оқу басталған алғашқы 24 сағат ішінде кітапты өзгертуге немесе басқа кітапты өз бетінше таңдауға болады. Егер осы 24 сағат ішінде өз бетіңізбен таңдау жасамасаңыз, жүйе кітапты автоматты түрде тағайындайды.
Ұпай жинау жүйесі:
Кепілдендірілген ұпайлар: Оқылған әрбір кітап үшін және жоба сайтында пікір қалдырғаныңыз үшін (мерзіміне қарамастан) сіз 250 ұпай аласыз.
Кестені сақтап, уақытылы пікір қалдырғаны үшін бонус (+50 ұпай): Егер сіз кітапты кезең бойынша оқып, кітапты оқи бастағаннан кейінгі 10-шы мен 15-күндік аралықта пікір қалдырсаңыз, қосымша 50 ұпай қосылады.
Әлеуметтік желідегі видеопікір үшін бонус (+50 ұпай): Оқыған кітабыңыз туралы қысқаша видеопікір түсіріп, аккаунтыңыз ашық күйінде өзіңіздің әлеуметтік желіңізде (Instagram, TikTok немесе YouTube) жариялаңыз және сілтемесін жеке кабинетіңізге енгізіңіз — бұл сізге тағы 50 ұпай әкеледі!
Алда не күтіп тұр?
2027 жылдың наурыз-сәуір айларында негізгі іріктеу шаралары — тестілеу, зияткерлік квиздер және басқа да сайыстар басталады. Жиналған ұпайларыңыз жеңіске жету жолындағы басты тірегіңіз болады!
Жеке кабинеттегі кестені қадағалаңыз, кітаптарды уақытында таңдап, «Кітап оқитын ұлт» марафонының бірінші кезеңін сәтті аяқтаңыз!

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст