Текст
13.10.2026
Мектепішілік «Алтын күз» іс-шарасының жоспарына сәйкес 1-сынып оқушылары арасында күзгі жапырақтардан жасалған аппликациялар көрмесі ұйымдастырылды. 🍁🎨
Кішкентай бүлдіршіндер табиғаттың әсемдігін өз шығармашылықтары арқылы бейнелеп, түрлі-түсті күзгі жапырақтардан ерекше туындылар жасады. 🌿 Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Осындай шығармашылық жұмыстар балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелейді. 💛
Жауапты: 1 «Ә» сынып жетекшісі Билялова Нұргүл.