Текст
13.10.2026
Білімнің негізі — бастауышта! 🔔
Мектебімізде бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің дәстүрлі онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті! ✨ Бастауыш сынып — баланың үлкен өмірге қадам басып, білім нәрімен сусындайтын ең маңызды кезеңі. Осы орайда ұйымдастырылып отырған онкүндіктің мақсаты — оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және мұғалімдердің озық тәжірибелерімен бөлісу. Барлық оқушыларымыз бен ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Онкүндік берекелі әрі нәтижелі өтсін!