18.06.2026
2025–2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес барлық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жоспарға сай патриоттық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, құқықтық мәдениет қалыптастыру, экологиялық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және кәсіби бағдар беру бағыттарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың басты мақсаты – оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту болды. Іс-шараларға оқушылар белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін және қоғамдық белсенділіктерін көрсетті. Жүргізілген жұмыстар оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыруға, мектеп өміріне қызығушылығын күшейтуге және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді. Жалпы, ІІ жартыжылдықтағы тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес орындалды. Алдағы уақытта тәрбие жұмысы бекітілген жоспар негізінде жалғасын тауып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.