2026 жылғы 6 мамыр күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ер азаматтар арасында пневматикалық винтовкадан ату жарысы ұйымдастырылды.

07.05.2026

Аталған сайысқа мектебіміздің 20 ер азаматы қатысып, мергендік шеберліктерін сынға салды. Жарыс қорытындысы бойынша 22 ұпай жинаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукашев Ерден Ботабаевич жүлделі І орынды иеленді. Ал ІІ орынға ағаш ұстасы қызметкері Мингулов Рамиль лайық деп танылса, ІІІ орынды география және тарих пәндерінің мұғалімі Борамбай Мадияр Ғаниұлы еншіледі. Жеңімпаздар арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы орайда барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, белсенділік танытып, жарысқа қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.
Жауапты: Бейсембаев Жабай Қойшиевич.

Просмотров: 31


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу