Текст
08.05.2026
Ардақты тыл еңбеккерлері – Пашковская Мария Афанасьевна, Перепёлкин Иван Петрович, Перепёлкина Людмила Петровна және Нечаева Лидия Ивановнаға құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында оқу ісінің меңгерушісі Данагуль Оразбаевна ардагерлерге жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, олардың ел үшін еткен еңбектеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар, мектебіміздің музыка жетекшісі Серік Жамбылұлының орындауындағы «День Победы» әні ардагерлерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ардагерлеріміздің ерлігі мен еңбегі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбастарына амандық тілейміз!