Мектеп кітапханасы мен балалар кітапханасы бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған “Желбірейді Жеңіс туы!” атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
08.05.2026
Шара барысында 5 - 6 сынып оқушылары қатысты мектеп ұйымдастырушы М.Б. Искендирова жетекшілігімен Мұқағали Мақатаевтың “Мен соғысқа бармадым” атты әдеби композиция өлеңін орындады. Сонымен қатар 3”А”сынып оқушысы С. Қадыржан “Қазақстан “әнін орындап, халық «Адай» күйі көрінісі орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында барша қатысушылардың жүрегінен орын алған “Атамекен” әні шырқалып, мерекелік іс-шара әсерлі аяқталды. Іс-шара барысында “Ұлы Жеңіс - ұрпаққа үлгі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Жеңіс тарихы мен батырлар ерлігін насихатталды.
Просмотров: 26