Текст
11.05.2026
Ұсынылған тақырыптар:
• «Музей экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы»
• «Ғасырлар аманаты»
Сабақ барысында оқушылар музейдің сирек экспонаттары арқылы Ұлы Отан соғысы тарихымен, оның ұрпаққа қалдырған тағылымымен және ғасырлар бойы сақталған мәдени мұрамызбен тереңірек танысты.
Оқушылар тарихтың тірі куәгерлері-музей экспонаттарымен тікелей танысып, үлкен қызығушылық танытты. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихқа деген құрметті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
9 «В» сынып жетекшісі, тарих пәні мұғалімі - Каиржанова Д.М.