16.05.2026
3 жыл міне балаларымызға білім мен тәлім-тәрбиені үйіп-төгіп беріп жатырсыз, әрқайсының жүрегінен ерекше орын алған алғашқы ұстазысыз. Сіздің мейіріміңіз, сабырлылығыңыз бен балаларға деген қамқорлығыңыз өте керемет. Әріп танытып қана қоймай, адамгершілікке, тәртіпке, білімге деген сүйіспеншілікке баулыдыңыз. Сіздің берген біліміңіз бен ақылыңыз — өмір жолындағы ең қымбат қазыналардың бірі болмақ. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт, еңбегіңіздің жемісін, жеңісін көріп, осындай тәтті, ақылды шәкірттеріңіздің тек ықылас-құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспіз! Әр күніңіз қуанышқа, шаттыққа және әдемі сәттерге толы болсын! Туған күніңіз тағы да құтты болсын💐💐💐❤️❤️❤️
Шын жүректен құттықтаушылар: Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 3 «А» сынып оқушылары және ата-аналары!