«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Көктемгі мейірім апталығы» аясында Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 10-сынып оқушыларымен маңызды кездесу өткізілді.
24.04.2026
Кездесуге қалалық Әкелер одағының төрағасы Бекзан Алмасбег және Аналар кеңесінің төрайымы Мақпал Балтабайқызы қатысып, оқушыларға тәрбиелік мәні зор кеңестер берді. Жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп сақтау, жауапкершілікпен қатар мейірімділік, қамқорлық және адамгершілік құндылықтары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың дұрыс бағытта қалыптасуына, саналы әрі мейірімді азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Просмотров: 66