24.04.2026
Сайысқа 8 “А” сыныбынан Рахманов Айдос, 8 “Ә” сыныбынан Мұнарбек Аягөз, 8 “В” сыныбынан Бутембай Мақсат, 8 “Г” сыныбынан Булат Жамиля, 9 “А” сыныбынан Ботабай Ернар, 10 “Б” сыныбынан Мерекешева Аяулым қатысты. Әділқазылар алқасының құрамында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бралина Сандуғаш Советовна, тәрбие ісінің меңгерушісі Каиржанов Ұлан Еслямбекович және ағылшын тілі мұғалімі Зикен Аружан Жанибековна болды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды, оқушылар терең білімдерімен, тапқырлықтарымен, шапшаңдықтарымен, мәнерлеп оқу шеберліктерімен қатар өмірлік ұстанымдарын да ерекше көрсете білді. Екінші кезеңнен бастап ұпай саны ең аз оқушыларды Алғыс хатпен марапаттап, сый тарту етілді. Сайыстың соңғы шешуші кезеңінде Мұнарбек Аягөз бен Рахманов Айдос Эссе жазып бақ сынасты.
Мектебіміздің “ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ - 2026” атағын 8 “А” сынып оқушысы Рахманов Айдос иеленіп дипломмен, жеңіс статуэткасымен және сыйлықпен марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!! Сыныптарының намысын қорғап, сайысқа қатысқан әр оқушыға алғысымыз шексіз!
Өткізген педагог-ұйымдастырушы: Искендирова Мақпал Балтабайқызы.