«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мектебімізде 9-сынып түлектері мен 7А сыныбының қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясы және «Көктемгі мейірім апталығы» аясында ағаш отырғызу рәсімі өткізілді.
24.04.2026
Түлектер мектеп ауласына көшет отырғызып, өздерінің алтын ұя мектебіне деген алғыстарын білдірді. Бұл шара – жай ғана ағаш отырғызу емес, болашаққа қалдырған із, жүректен шыққан аманат. Әр отырғызылған көшет – түлектердің жарқын болашағы мен мектепке деген ыстық ықыласының белгісі.