«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 «Ә» сыныбында «Тілашар – білімге бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі – тілашардың мәні мен маңызы туралы мәлімет алып, оның тәрбиелік мәнін түсінді. Тілашар – баланың алғаш рет білім әлеміне қадам басуын білдіретін ерекше дәстүр. Бұл арқылы ата-аналар мен үлкендер балаға ақ жол тілеп, білімге деген құштарлығын арттырған.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлер туралы ой бөлісіп, түрлі тапсырмалар орындап, өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, білімнің адам өміріндегі орны, тілдің қадірі және ұлттық құндылықтарды құрметтеу туралы әңгіме өрбіді. Мұндай тәрбие сағаттары оқушылардың рухани дүниесін байытып, өз халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейді.
Сынып сағатының соңында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектер айтты. Әрқайсысы достарына білімде табыс, сәттілік және жарқын болашақ тіледі. Бұл сәт оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, сыныпта достық пен татулықтың маңызын тағы да көрсетті.
«Тілашар – білімге бастар жол» атты сынып сағаты оқушылар үшін танымды әрі қызықты өтті. Балалар ұлттық дәстүрлердің маңызын түсініп, білімге деген қызығушылықтарын арттырды.
Сынып жетеешісі: Нурмуканова Ж.Ж.