АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Өнерді, мәдени мұраны және ұлттық құндылықтарды сақтауға және насихаттауға арналған мереке. Халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мезет. Мерекенің басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. 10 «А» сынып оқушыларымен «Бесік жыры – халықтың рухани мұрасы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: • Оқушыларға бесік жырының мәнін, тәрбиелік маңызын түсіндіру. • Қазақ халқының ұлттық дәстүріне құрмет сезімін қалыптастыру. • Оқушылардың ойлау, пікір айту, талдау қабілеттерін дамыту. Бесік жыры — қазақ халқының ең көне ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. Оны анасы немесе әжесі баланы бесікке бөлеп, тербетіп отырып айтады. Бесік жыры арқылы балаға мейірім мен махаббат беріледі, жақсы тілектер айтылады, тәрбие беріледі. Аналар бесік жыры арқылы баласының болашағына үлкен үміт артады. Бесік жыры - ананың жүрегінен шыққан мейірім, халықтың тәрбиесі, ұлттық рухани қазына. Бесік жыры - ұлттың болашаққа айтқан үміті.

17.03.2026

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Өнерді, мәдени мұраны және ұлттық құндылықтарды сақтауға және насихаттауға арналған мереке. Халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мезет.
Мерекенің басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
10 «А» сынып оқушыларымен «Бесік жыры – халықтың рухани мұрасы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
• Оқушыларға бесік жырының мәнін, тәрбиелік маңызын түсіндіру.
• Қазақ халқының ұлттық дәстүріне құрмет сезімін қалыптастыру.
• Оқушылардың ойлау, пікір айту, талдау қабілеттерін дамыту.
Бесік жыры — қазақ халқының ең көне ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. Оны анасы немесе әжесі баланы бесікке бөлеп, тербетіп отырып айтады.
Бесік жыры арқылы балаға мейірім мен махаббат беріледі, жақсы тілектер айтылады, тәрбие беріледі. Аналар бесік жыры арқылы баласының болашағына үлкен үміт артады. Бесік жыры - ананың жүрегінен шыққан мейірім, халықтың тәрбиесі, ұлттық рухани қазына. Бесік жыры - ұлттың болашаққа айтқан үміті.
Сынып жетекшісі: Бопакова А.Г.

Просмотров: 2

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст