Текст
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 18наурыз "Ұлттық киім" күніне байланысты 6 "Ә" сынып оқушыларымен бейнеролик түсірілді.
Мақсаты: Ұлттық киім - халқымыздың мәдениет мен тарихының, салт-дәстүрінің ажырамас бір бөлігі, әрбір ою-өрнек, түс пен пішін халқымыздың дүниетанымынан сыр шертетіндігін, олар арқылы біз ата-бабаларымыздың талғамын, өнерін, өмір салтын тани отыра, ұлттық киімді құрметтеу-өз ұлтыңды құрметтеу деген сөз екендігін түсіндіру.
Ұлттық киім - біздің өткеніміз бен бүгінімізді жалғайтын алтын көпір. Оны сақтау, насихаттау - әрқайсымыздың міндетіміз.
Сынып жетекшісі: Ракишева Р.С.