«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Білім беру үрдісінде интеграциялық оқытуды қолдану» тақырыбында педагогикалық кеңесте 10 «Б» сыныбында жүргізілген сабақты зерттеу (Lesson Study) нәтижелері жайлы зерттеуші мұғалімдер Кушимбаева Г.В., Бегалина Б.А анализ жасады. Зерттеу сабақтарынан кейін сыныптың білім сапасы мен оқушылардың мотивациясының жоғарлағаны байқалды.
Екінші бөлімі «Білім беру үрдісінде интеграциялық оқытуды қолдану» атты топтық жұмыспен ұштасты. Әр топ интеграциялық оқыту: Білім беру сапасын арттырудың кілті, интеграциялауда зерттеу сабақтарының артықшылықтары, интеграцияланған сабақтарда оқушы жетістігін бағалаудың тиімді жүйесі. тақырыптарында жұмыстарын қорғаса, қалған әріптестер талқылау сұрақтарына жауап берді.