Текст
01.04.2026
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Не книжная закладка» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерін көру және талқылау қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылар арасында есірткі құралдарын таратуға қатысудың қауіптілігін түсіндіру, құқыққа қайшы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы құқықтық сауаттылықты арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Сауалнама қорытындысы:
Оқушылардың 90%-ы фильмнен маңызды сабақ алғанын көрсетті.
85%-ы кез келген жағдайда заңсыз әрекеттерден бас тартатынын білдірді.
Оқушылардың 95%-ы қиын жағдайда ең алдымен ата-анасына, мұғаліміне немесе мектеп психологына жүгінетінін көрсетті.