«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2 сәуір - Аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай арнайы педагог пен логопед мұғалімдері оқушылармен танымдық және дамытушы жұмыстар жүргізді.

03.04.2026

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2 сәуір - Аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай арнайы педагог пен логопед мұғалімдері оқушылармен танымдық және дамытушы жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға аутизм туралы түсінік беріліп,оларды қолдау, құрметтеу және түсіну туралы әңгіме өткізілді. Сонымен қатар түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы балалардың бір-біріне деген мейірімділігі мен толеранттылығы қалыптастырылды.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – қоғамда аутизмі бар адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, қолдау көрсету және әр баланың ерекше екенін түсіндіру.
💙 Әр бала ерекше, әр бала қолдауға лайық!

Просмотров: 34

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу