2026 жылғы 6-17 сәуір аралығында «Learn English Together: No Limits with AI» (Ағылшын тілін бірге үйренейік: жасанды интеллектпен шексіз мүмкіндіктер) тақырыбындағы ағылшын тілі пәнінің онкүндігі аясында қалалық іс-шараларға қатысу нәтижелері бойынша төмендегідей жетістіктерге қол жеткізілді.

17.04.2026

“Stars of Intelligence” қалалық интеллектуалдық сайысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Зикен Аружан Жанибекқызы және 11 “Б” сынып оқушысы Шәріп Айша III дәрежелі орынмен марапатталды.
“The beauty of poetry is the beauty of language” атты қалалық поэзия кешінде 8 “Ә” сынып оқушысы Абдумумин Нұртас III дәрежелі орын иеленді. Жетекшісі: Кушумбаева А.Қ.
“English and AI: Creative Text Workshop” қалалық воркшоп кешінде 10 “А” сынып оқушысы Рахимжанова Малика ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мейрамова А.Ж.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
 

Просмотров: 38

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу